Павлодар облысында баланы зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

0
99

Оған баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасады деген айып тағылды.


Павлодар облысында баланы зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

фото: AP Photo / John O'Boyle

ERNUR.KZ. Павлодар облысында баланы зорлады деп айыпталған ер адам сотталды, деп жазады sputnik.kz.
Сотталушыға зорлау, яғни жәбірленушіге күш көрсетіп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасады деген айып тағылды. Сот отырысы жабық өтті.
"Сотталушының кінәсі жәбірленуші баланың, куәләрдің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді", - дейді ведомство.
Сот айыпталушыға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығына тыйым салып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.