Парламент депутаттары демалысқа кетті

0
167

Мәжіліс депутаттарының қазіргі құрамы 2023 жылы наурызда сайланды.


Парламент депутаттары демалысқа кетті

Фото:Tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстанда Парламент депутаттары демалысқа кетті. Келесі сессия қыркүйекте басталады, деп жазады tengrinews.kz.

30 маусымда Парламент палаталарының биылғы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

"Бүгін сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз. Біз өз өкілеттігіміздің тура бел ортасына келдік. Іс жүзінде бұл – бірлесе атқарып жатқан жұмысымыздың маңызды кезеңі, межелі белесі", - деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарының қазіргі құрамы 2023 жылы наурызда сайланды. Сенат сайлауы сол жылы желтоқсанда өтті.