​Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

0
71

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барған еді.


​Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды.

Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барған еді.