Өскеменде даулы оқиғадан кейін прокурор ауысты

0
111

Қыркүйектің ортасында әлеуметтік желілерде Өскеменнің прокуроры Тимур Шақпантаевтың қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат тараған еді.


Өскеменде даулы оқиғадан кейін прокурор ауысты

Фото:gov.kz

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының прокуроры ауысты. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы растады, деп жазады tengrinews.kz.

Не болған?

Қыркүйектің ортасында әлеуметтік желілерде Өскеменнің прокуроры Тимур Шақпантаевтың қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат тараған еді. ШҚО прокуратурасының мәліметінше, оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген.

"Құқық қорғау қызметі туралы" заңға сәйкес, ол жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді. Өскемен прокуратурасының басқа қызметкерлеріне қатысты да қызметтік тексерістер жүргізілді", – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, ШҚО прокуратурасы кейбір қызметкерлердің тәртіптік теріс қылықтары расталып, олар қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Жаңа прокурор

Бүгін әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Өскеменде жаңа прокурор тағайындалғаны туралы ақпарат тарады.

Хабарламаға сәйкес, қаланың жаңа прокуроры болып 41 жастағы Руслан Әлішев тағайындалған. Ол 2022 жылғы тамыздан бері көршілес Абай облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келген.