Оралда 16 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды

0
96

Ол бұған дейін де осылай хабарсыз кетіп, кейін табылған.


Оралда 16 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Айлуна Бут отбасылық үлгідегі балалар ауылынан 21 қаңтар күні шамамен сағат 15.30-да белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілері таратқан мәліметінше, Айлунаның бойы 160-165 см, шымыр денелі, көзі қара, қара шашы иығына түскен.

Үстіне капюшоны бар қара күрте, сондай түстегі футболка мен трико, аяғына ақ кроссовка киген.

Жасөспірім қызды көрген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне хабарласуы сұралады.

"Бұдан бұрын ол отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылынан өздігінен бірнеше рет кетіп қалған. Полиция қызметкерлері оны Ақсай қаласынан тапқан болатын. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", – деп хабарлады БҚО полиция департаменті.