Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгия құрамасымен ойында 1:1 есебімен тең түскен.
Фото: @anarbekov_temirlan77
ERNUR.KZ. Белгиялықтар Қазақстан ұлттық құрамысының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қабілетін жоғары бағалады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Walfoot.be порталының жазуынша, спорт сарапшылары Темірланды «әлемдегі ең үздік қақпашыға» теңеген.
«Оның аты – Темірлан, болаттай берік дегенді білдіреді. Темірдей мықты «Қайраттың» қақпашысы 8 сейв жасады, оның алтауын қарсыластар қақпаға өте жақын тепкенде қағып алды. RTBF телеарнасының спорттық сарапшыларының бірі Фредерик Васейж атап өткендей, Тибо Куртуа алаңда болмаса да, «әлемдегі ең үздік қақпашы дәл сол күні алаңда болды». Темірлан Анарбеков жеңу мүмкін еместей мықты ойнады», - деп жазды автор.
Шетелдік басылым қазақ ойыншысының бұдан бұрынғы «Селтикпен» ойынын еске салды.
«Сол күні Чемпиондар Лигасының плей-офф ойынында Алматының «Қайраты» екі матчта да 0:0 есебімен «Селтикті» жеңді. Ерекше атап өту керек, Анарбеков 5 мәрте сейв жасап, кейінгі пенальти сериясында 3 соққыны тоқтатып, команданы жалғыз өзі дерлік келесі кезеңге алып шыққан еді. Сондықтан Бельгияға қарсы ойындағы оның 8 сейві кездейсоқтық емес. Темірлан Анарбеков – жас, талантты, нағыз мықты қақпашы. 22 жаста Ғалымжан Кенжебек пен 17 жастағы талантты ойыншы Дастан Сәтпаев Белгияға қарсы ойында өздерін дәлелдеді. Қазақстанда футбол бар. Географиялық, мәдени , тағы басқа да себептермен әлемге танылуы қиын болса да, бұл елдің футболы құрметке лайық», - деп жазды басылым.
Өткен сенбіде Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында «Астана Аренада» Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады. 9-минутта Дастан Сәтбаев гол соқты, ал 48-минутта Ханс Ванакен теңестірді. Соңғы он минутта Ислам Чесноков алаңнан шығарылды, бірақ есеп өзгерген жоқ.


