Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ферма» технологиясын ұсынып отыр

0
289

Мемлекет басшысы Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық индустрия ретінде жаңғыртуға ниетті екенін атап өтті.


Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ферма» технологиясын ұсынып отыр

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында екі елдің ауыл шаруашылығындағы байланысы қалай өрбитінін айтты, жазады inform.kz.

«Ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті нығайту маңызды. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені әуелден қуатты және біздің ауылшаруашылық өнімдер әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық индустрия ретінде жаңғыртуға ниетті екенін атап өтті.

«Бүгінгі келіссөз барысында Корея Республикасының Президенті Қазақстанды „ақылды ауылшаруашылық фермалар“ қағидасына негізделген технологиямен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасады. Менің ойымша, бұл — өте жақсы ұсыныс және біз осы жобаны жүзеге асырумен айналысамыз. Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығындағы жасанды зейінге, робот техникасы мен биотехнологияға негізделген инновациялық технологияларын енгізуге аса мүдделіміз. Әсіресе тиімділігі жоғары, „ақылды“ жылыжай салу тәжірибесі біздің фермерлердің арасында сұранысқа ие», — деді Президент.