Күдікті шашлық шампурын сыныптасының кеуде тұсына сұғып алған.
фото: Sputnik / Сергей Пятаков
ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі мектеп оқушысының өліміне қатысты тың деректерді жариялады, деп жазады sputnik.kz.
"Материалды жинау барысында 2025 жылдың 23 мамырында "Қырғауылды" орта мектебінің 11 "Б" сынып оқушылары мектеп бітіргендерін тойлауды ұйғарған, осыған байланысты аталған оқушылардың ата-аналары "Dollan Hills" коттедж қалашығынан коттедж жалға алған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Ресми ақпарат бойынша бұл туралы мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне хабарланбаған. Оқиға болған түні мессенджер-чаттарда ата-аналар балаларының үйде екенін растайтын фотоесеп жіберген.
"Мерекені тойлау кезінде сыныптастар А.Қадыр мен О.Ілияс жанжалдасып, салдарынан О.Ілияс шашлық шампурымен кеуде тұсына бір соққы жасаған. А.Қадыр сол жерде көз жұмған. Жедел іздестіру барысында 2008 жылы туған О.Ілияс анықталып, ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, полиция адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.