Заң жобасына сәйкес, мұғалімдер енді жұмыстан тыс уақытта WhatsApp немесе басқа платформалар арқылы ата-аналардың сұрақтарына міндетті түрде жауап беруге міндетті болмайды.
Заң талаптарын бұзған мектеп басшыларына айыппұл салынады. Мемлекеттік мектеп директорлары үшін айыппұл көлемі – 10 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 42 мың теңге), жеке білім беру мекемелерінде – 259 мың теңгеге дейін.
Ғылыми жобаларды қолдау артады
Сонымен қатар, Мәжіліс бүгін ғылымды қолдау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарауда. Бұған дейін гранттар көбіне академиялық ұйымдарға берілетін, ал жеке ғалымдарға аз бөлінетін.
Енді гранттар стратегиялық бағыттарға — цифрландыру, медицина, экология, жасанды интеллект салаларында жұмыс істейтін ғалымдарға берілетін болады. Өтінім беру процесі жеңілдеп, барлық рәсім онлайн форматқа көшеді.


