Бұл төлемдер сыйақылар мен басқа да төлемдер болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Мәжіліс отырысында сапалы жоспарлау мәселесіне жауап берген Қаржы министрі Мәди Тақиев Қазақстанда бюджет процесін басқаруда ақпараттық жүйелерге кезең-кезеңімен көшу жүріп жатқанын айтты, деп жазады stan.kz.
Оның айтуынша, мемлекеттік жоспарлау жүйесі әзірленіп, енгізілген, бұл жүйе бюджет қаражатын бөлудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
"Биыл алғаш рет бюджетті жоспарлауға дейін Мемлекеттік аудит комитеті барлық бюджеттік әкімшілердің бюджеттерін тексеріп, жоспарлау сатысында 1,5 трлн теңгеге бұзушылықты анықтады", – деді министр.
Оның айтуынша, жүйе әрі қарай дамиды. Оған барлық бюджеттік ұйымдар қосылуда, онлайн-мониторинг және жасанды интеллект элементтері енгізіліп жатыр.
Кейбір мектептердің бухгалтерлері бір ЖСН-ге (жеке сәйкестендіру нөмірі) әртүрлі фамилиямен 66 төлем рәсімдеген. Бұл төлемдер сыйақылар мен басқа да төлемдер болған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша осындай заңбұзушылықтар 327 млрд теңгені құраған. Ағымдағы жылдың 9 айында – 123 млрд теңге болған.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, бюджетті жоспарлау кезінде нақты нарықтық деректерді пайдалануға мүмкіндік беретін маркет-анализ жүйесі енгізілді. Бұған дейін бюджеттік әкімшілер тауарлар мен қызметтердің "орташа бағасын" өз қалауынша белгілеп келген. Енді барлық сатып алу бағалары біріңғай жүйедегі нарықтық деректермен автоматты түрде салыстырылады. Бұл тәсіл тауарлар мен қызметтердің бағасын негізсіз көтеруге жол бермейді.