Өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Фото: БҚО әкімдігі
ERNUR.KZ. Оқушылар тұтынатын ас мәзіріне өзгерістер енгізілді. Толығырақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді, деп жазады inform.kz.
— Өткен жылдың соңында жаңа стандарт бекітілді, оған сәйкес дайын тағамдардағы қант мөлшері 3,5 есе, ал тұз мөлшері 2–2,5 есе азайтылды. Сондай-ақ оқушылар тағамына қатысты қатаң шектеу енгізіледі, әсіресе, мектептегі буфетке қатысты. Атап айтқанда, мектеп асханасында тез қорытылатын көмірсуларға, чебурекке, майға қуырылған бәлішке, гамбургер тағы сол сияқты фаст-фуд түріне тыйым салынады, — деп жауап берді Ақмарал Әлназарова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек министрдің мәлімдеуінше, шоколадты батондар мен тәтті газдалған сусындарға да шектеу қойылады.
— Аталған өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, — дейді ведомство басшысы.