Маңғыстауда жасөспірімдер тобы қызды ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсірген

0
98

Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.


Маңғыстауда жасөспірімдер тобы қызды ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсірген

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Маңғыстауда кәмелетке толмаған қыздың соққыға жығылған видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерді анықтады, деп жазады zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Оқиғаның мән-жайы мұқият зерттеліп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, іс материалдары қаралып, тиісті шара қабылдау үшін сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды. Полиция олармен және отбасыларымен жұмыс жалғаса беретінін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қыздың тізерлеп отырғаны, кейін бірнеше адамның оны ұра бастағаны көрінеді.