​Маңғыстауда Атазаң есімді бүлдіршіннің әкесі өз таңдауын жасады

0
38


​Маңғыстауда Атазаң есімді бүлдіршіннің әкесі өз таңдауын жасады

ERNUR.KZ. Мұнайлы ауданында азаматтар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, мемлекеттің алдағы даму бағытына қатысты ұстанымын білдіріп жатыр. Сайлаушылардың қатарында елге ерекше есімімен танылған «Атазаң» есімді бүлдіршіннің әкесі Бауыржан Бабатов та бар. Ол №195 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Бауыржан Бабатов сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің және азаматтық белсенділігінің көрінісі екенін атап өтті.

Бүгінгі сайлау – ел болашағын айқындауда елеулі күн. Әрбір азамат таңдау жасау арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алады. Мемлекеттің саяси өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмау қажет, - деді Бауыржан Бабатов.