Маңғыстауда 536 км электр желісіне күрделі жөндеу толық аяқталды

0
101

Электр станцияларында 3 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.


Маңғыстауда 536 км электр желісіне күрделі жөндеу толық аяқталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына энергетикалық инфрақұрылымды дайындау аясында электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл 536 км электр желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар толық көлемде орындалды – 536 км немесе 100%, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Сонымен қатар, 2 қосалқы станцияға, сондай-ақ 77 тарату пунктіне, трансформаторлық қосалқы станцияға және кешенді трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жылыту маусымына дайындау жалғасуда. Жылу желілері бойынша биыл 11,4 км желіні жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 8,96 км немесе 78% желі жөнделді.

Электр станцияларында 3 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 3 турбинаға жөндеу жалғасуда.