Маңғыстау облысында қонақтар тойдан кейін жаппай төбелес ұйымдастырған

0
122

Оқиға 31 шілдеде болған.


Маңғыстау облысында қонақтар тойдан кейін жаппай төбелес ұйымдастырған

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында өткен той соңы жанжалмен аяқталды – Мұнайлы ауданындағы үйлену тойы көше төбелесіне ұласқан, деп жазады Lada.kz.

Оқиға 31 шілдеде болған. Той қонақтарының арасында туындаған ауызша жанжал кейін төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ жейде киген бірнеше жігіттің жолдың қақ ортасында төбелесіп жатқан сәті түсіп қалған.