Елімізден бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.
фото: kt.kz
ERNUR.KZ. Мұндай жаңалықты Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Министрлік бұқашықтарды экспорттауға тыйым салуды ұзарту және қошқарларды экспорттауға жаңа квоталар енгізу туралы екі бұйрық шығарған.
4 айдан асқан қошқарларды экспорттауға арналған квоталар 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін қолданылады, квоталар көлемі – 120 мың бас: бордақылау алаңдары мен тауар өндірушілер үшін – 60 мыңнан. Бұл ретте бір бордақылау алаңына арналған шектеу оның қуатының бір және жиынтық мөлшерінде 30%-дан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – квотаның қолданылу кезеңіне 500 бастан аспайды. Қуаттылығы 5 мың бас және одан асатын бордақылау алаңдары үшін шектеу квотаның бүкіл қолданылу кезеңіне 1,5 мың қошқарлардан аспауы тиіс.
Екі бұйрық та 5 қарашадан бастап күшіне еніп отыр.
Еске салайық, Қазақстаннан бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу осы жылдың 15 мамырынан бастап қолданыста бар.


