Макинск құс фабрикасында жазатайым оқиға болды – жұмысшы зардап шекті

0
97

​Оның жағдайы қалыпты.


Макинск құс фабрикасында жазатайым оқиға болды – жұмысшы зардап шекті

Фото: Azattyq Ruhy

ERNUR.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша, газ жабдықтары орналасқан учаскеде газ-ауа қоспасы жарылған. Өрт шықпаған, алайда қазандықтың слесары зардап шекті. Ер адам беті мен екі қолынан күйік алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Ақмола облысының еңбек инспекциясы департаменті «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС ЕҚжЕҚ қызметінің инженері тарапынан қазандықтың газ буландырғыш учаскесінде жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

«Оқиға бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментімен арнайы тергеп-тексеру тағайындалып, жүргізіледі», - делінген хабарламада.