Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында туған.
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Ілиясовты Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарына Төтенше және Өкілетті Елші қылып тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, — делінген хабарламада.
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын аяқтаған.
Дипломатиялық мансабын 1996 жылы ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен Атташесі лауазымдарынан бастады.
1998-1999 жылдары БҰҰ Басқармасы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы.
1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты.
2003-2005 жылдары - ҚР Президенті Кеңсесінің Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы.
2005-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан Орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті.
2013-2016 жылдары ҚР Президентінің Кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2016 жылдан бастап Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі және Қазақстан Республикасының Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкіл
2020 жылдың 30 қыркүйегінен Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі.