LEGO компаниясының арызынан кейін Қарағанды дүкендерінде рейд жүргізілді

0
80

LEGO компаниясы нарықта жалған өнімдер пайда болуына байланысты арыз жазған.


LEGO компаниясының арызынан кейін Қарағанды дүкендерінде рейд жүргізілді

фото:ІІМ

ERNUR.KZ. Қарағандыда ірі көлемдегі контрафакт өнім тәркіленді, деп жазады tengrinews.kz.

LEGO компаниясы нарықта жалған өнімдер пайда болуына байланысты арыз жазған. Осыдан кейін Қарағанды қаласының қоймалары мен дүкендеріне рейдтер жүргізілген.

"Шамамен 1 миллион теңгеге жуық сомаға 175-тен аса LEGO конструкторы тәркіленді. Сараптама өнім сапасыз имитация екенін, өндіруші туралы ақпарат жоқ екенін және түпнұсқа өнімінің стандарттарына сәйкес келмейтінін көрсетті", - деп жазылған хабарламада.

Заң бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.