Облыс орталығында жер кезегі қалай жылжып жатқаны жөніндегі сұраққа қала әкімі Нұржан Ахатов жауап берді.
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында жер кезегін сарыла күткен 70 мыңнан астам адамның алды жылжи бастады, деп жазады inform.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес азаматтардың өтініші бөліп беруге арналған алаңдар немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар дайын болған кезде қанағаттандырылады.
Облыс орталығында жер кезегі қалай жылжып жатқаны жөніндегі сұраққа қала әкімі Нұржан Ахатов жауап берді.
— Былтыр біз прокуратурамен бірге жұмыс атқардық. Сол кезде 2005 жылғы арыз иелерінен жер ала алмай жүрген 300-дей адам қалған екен. Олардың барлығына хабарлама жолданды. Биыл 1 қаңтардан 2006 жылдың бірінші жартысында кезекке тұрған азаматтарға жер бере бастадық. Жылжу бар. Жер телімдері негізінен қаланың «Бәйтерек» шағын ауданынан беріліп жатыр. Сұранысқа сәйкес ауылдардан да үлестіріледі, — деді ол.


