​Қытай инвесторлары Қазақстанда 50 мыңдай жұмыс орнын ашты — Роман Скляр

0
150

Екі елдің арасында сенімге негізделген диалог жолға қойылған және өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге шыққан.


​Қытай инвесторлары Қазақстанда 50 мыңдай жұмыс орнын ашты — Роман Скляр

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Орталық Азия — Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеп, екі арадағы инвестициялық байланыстардың беталысына тоқталды, деп жазады inform.kz.

— Екі елдің арасында сенімге негізделген диалог жолға қойылған және өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге шыққан.

Дипломатия Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың қозғаушы күші болып отыр. Барлық бағыт бойынша ықпалдастықты арттырудың мүмкіндіктері орасан. Қытай — Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің негізгі сауда және инвестициялық серіктестінің бірі.
Былтыр Орталық Азия аймағы мен Қытайдың өзара сауда көлемі 95 млрд долларға жетті. Оның жартысына жуығы Қазақстанның үлесінде. Осылайша былтыр екі арадағы тауар айналымы тарихи мәндегі 44 млрд долларға жетті, — деді Роман Скляр.
Оның сөзінше, аймақ нарығында қытай капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компания жұмыс істеп отыр.

— Қазақстаның өзінде ғана қытайлық инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 66 миллиард доллардан асатын 224 жоба іске асырылып, 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, — деді вице-премьер.