Күмәнді акцияларға алданып қалмаңыздар: Қазақстанда беларусь блогері ұйымдастырған конкурс бақылауға алынды

0
164

Соңғы уақытта Mellstroy game онлайн-казиносы атап өтілетін беларусь блогері Mellstroy ұйымдастырған конкурсқа қазақстандықтардың қызығушылығы артып келеді.


Күмәнді акцияларға алданып қалмаңыздар: Қазақстанда беларусь блогері ұйымдастырған конкурс бақылауға алынды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында онлайн-казино қызметі мен жарнамасына тыйым салынғанын ескертті, деп жазады zakon.kz.

Агенттіктің жазуынша, соңғы уақытта Mellstroy game онлайн-казиносы атап өтілетін беларусь блогері Mellstroy ұйымдастырған конкурсқа қазақстандықтардың қызығушылығы артып келеді.

"Кей азаматтар блогердің назарын аудару үшін теріс әрекеттерге де барады.Құрметті қазақстандықтар, ескертеміз — құмар ойындары – тұзақ. Күмәнді акцияларға алданып қалмаңыздар және онлайн-казино жарнамалағаны үшін айыппұл салынатынын ұмытпаңыздар!",- деп ескертті ведомство.