Құлсарыдағы жарылыстан ерлі-зайыптылар қаза тапқан

0
257

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.


Құлсарыдағы жарылыстан ерлі-зайыптылар қаза тапқан

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болғандардың кім екені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жарылыстан қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдеді Atyrauoil.news парақшасы.

Өрт сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 14 адамға дейін өсті.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазір қылмыстық іс қозғалды.