Құлсарыда газ-ауа қоспасының жарылысынан 2 адам қаза тапты

0
252

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Құлсарыда газ-ауа қоспасының жарылысынан 2 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 30 мамыр күні сағат 18:45 шамасында Атырау облысының Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылыс бір қабатты ғимаратты, газ құю стансасын және екі қабатты нысанды шарпыған. Оқиға салдарынан 14 адам зардап шегіп, өкінішке қарай, оның екеуі қаза тапты.