Қуандық Бишімбаевтың інісі мерзімінен бұрын босатылады: Ішкі істер министрлігінің басшысы не деді

0
102

Қазір сот қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп таныған Бишімбаевтың інісі Степногорск қаласындағы орташа тәртіптегі колонияда отыр.


Қуандық Бишімбаевтың інісі мерзімінен бұрын босатылады: Ішкі істер министрлігінің басшысы не деді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 18 маусымында Мәжіліс алаңында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың түрмеден мерзімінен бұрын босатылуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Ол бұл мәселені соттар шешіп жатқанын атап өтті.

"Әзірге Бишімбаевтың інісіне қатысты материал түскен жоқ. Егер ол босату туралы өтініш берсе, әрине, біз оны қараймыз", – деді Ержан Сәденов.

Салтанат Нүкенованың өлімін жасырды деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екені бұған дейін хабарланған болатын. Рақымшылыққа байланысты оның мерзімі үштен біріне қысқартылуы мүмкін. Шамамен сегіз ай туралы айтып отырмыз.

Қазір сот қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп таныған Бишімбаевтың інісі Степногорск қаласындағы орташа тәртіптегі колонияда отыр.

2024 жылы 13 мамырда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталды. Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.