Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұр

0
147

Адвокаттың сөзіне қарағанда, алдағы сот процесі алимент төлеу туралы келісімді өзгертуге байланысты.


Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұр

Фото: Жоғарғы сот


ERNUR.KZ.
Адвокат Ерлан Ғазымжанов 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот талқылауы күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, алдағы сот процесі алимент төлеу туралы келісімді өзгертуге байланысты.

“Бұл келісім Қуандық бостандықта жүрген кезде, бизнеспен айналысып, табыс көзі болған уақытта жасалған. Сол кезде балаларға белгіленген алимент мөлшері жоғары сомамен көрсетілді. Қазір жағдай өзгерді – ол жұмыс істемейді, алиментті оның ата-анасы төлеуге мәжбүр болды. Сондай-ақ Қуандықтың кейбір жинақтары болған, солардан да қаражат алынған”, – деді ол.

Ғазымжанов айтуынша, Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді. Өйткені бос орындар аз. Ал аимент келісімінің шарттарын адвокат құпия екенін жеткізді.

Сондай - ақ, адвокаттың айтуынша, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдімен тағы бір сот талқылауы болуы мүмкін.

“ Салтанат Нүкенованың ағасы моральдық шығын мөлшерін ұлғайтуды талап етіп, Жоғарғы сотқа конституциялық шағым берген. Шағым Жоғарғы сотта тіркелген, бірақ оның Конституциялық сотқа берілетіні әзірге белгісіз. Жалпы ол 1,5 миллиард теңге сұрады. Бірінші сатыдағы сот 10 миллион өндіріп алды. Бұл ақша төленді. Бірақ ол тағы 1,5 миллиард теңге талап етіп отыр. Апелляция шешімін өзгеріссіз қалдырды “, - деп толықтырды Ерлан Ғазымжанов.