Айдын Жеңісұлы Құлсейітов лауазымынан босатылды.
Ерназар Рақымжан Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
