Қостанайда тіркемесінде 400 газ баллоны бар жүк көлігі өртенді

0
168

Өрттің аумағы жеті шаршы метрді құрады.


Қостанайда тіркемесінде 400 газ баллоны бар жүк көлігі өртенді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай «Текстильщик-1» бақ-бақша өсіру серіктестігі аумағында болды. Жүк көлігі тіркемесіндегі газ баллондар бос болған, деп жазады baq.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, жүк көлігінің тіркемесі тура жол үстінде өртенген. Өрттің аумағы жеті шаршы метрді құрады. Бірақ, жүк көлігіне ерекше қауіп төнген. Себебі тіркемеде 400 газ баллоны болған.

«ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. ТЖМ күштерімен өрт болған аумақтан көлемі 27 литр болатын 400 бос газ баллоны қауіпсіз жерге эвакуацияланды», - деп хабарлады ТЖМ.

Жарылыс болмады. Зардап шеккендер жоқ.