Қостанай облысында ерлі-зайыпты ветеринарлық анықтаманы қолдан жасаған

0
120

Форма-1 анықтамасы мал мен ет өнімдерін тасымалдауға арналған.


Қостанай облысында ерлі-зайыпты ветеринарлық анықтаманы қолдан жасаған

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Әулиекөл ауданында ерлі-зайыпты ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған, деп жазады sputnik.kz.

"Олар 2024 жылғы желтоқсан мен биыл тамыз аралығында өз үйінде түрлі-түсті принтер арқылы Форма-1 ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған", - дейді ведомство.

Бұл анықтама мал мен ет өнімдерін тасымалдауға арналған.

Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды.