Коронавирус: Алматыда «симптомды» науқастардың саны артты

0
636

Коронавирусқа неғұрлым бейім контингент - 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар екені айтылды.


Коронавирус: Алматыда «симптомды» науқастардың саны артты

ERNUR.KZ. Алматыда «симптомды» науқастардың саны артты. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматыда «симптомды» науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 94,2 %-дан 95 %-ға дейін артты, бұл айналымдағы COVID-19 нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол коронавирусқа неғұрлым бейім контингент - 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар екенін атап өтті.

"Көбіне 20-39 жас аралығындағы жастар ауырды. Олардың үлесі 33,5 % болды. 40-59 жас аралығында 25,2% және 60 жас және одан жоғары – 23,1% тіркелген, бұл барлық жағдайдың 82 пайызы (қалған 18% – балалар мен жасөспірімдер)", - дейді Жандарбек Бекшин.

Спикер брифинг барысында қалада инфекция жұқтыратын негізі орынды атады.

«Ең бірінші орында сауда нысандары - 32 пайыз. Кейін отбасындағы байланыс - 16 пайыз, қоғамдық көлікте - 17,1 пайыз. Базарлар- 13% «, - деді ол.