"Хуторские" ҰҚТ жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

0
107

Хасан Қасымбаевтың Талғарда ұсталғаны 2024 жылдың 4 қарашасында белгілі болды.


Сурет: Instagram/Хасан Касымбаев

ERNUR.KZ. Алматы облысында "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 4 тамызда Алматы облысы прокуратурасы хабарлады:

Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Х. Қасымбаев және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеруді аяқтап, ағымдағы жылдың 21 шілдесінде істі айыптау актісімен облыс прокуратурасына жолдады.

Облыс прокуратурасы 2025 жылғы 29 шілдеде айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

"Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаевтың Талғарда ұсталғаны 2024 жылдың 4 қарашасында белгілі болды. Кейін Алматы облысының полиция департаменті оның денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге және ММА жауынгері Арман Әлімовті ұрлауға қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалғанын түсіндірді.

Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда болған 16 жастағы Шерзат Полаттың атышулы өлтірілуінен кейін ғаламторда сөз болды. Кейінірек Қасымбаев әлеуметтік желіде өзі туралы тараған ақпараттың жалған екенін айтқан видео хабарлама жазды.