«Кемі 7 мың адам үй алады»: елімізде «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды

0
218

​Жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметші үй алады деген болжам бар.


«Кемі 7 мың адам үй алады»: елімізде «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Қазақстанда «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды. Бұл туралы бүгін үкімет тиісті шешім қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Үкімет жалпы Қазақстандағы ипотекаға берілетін қаражатты екі есе ұлғайтпақ.

«Сонымен қатар сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады, ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйден бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.