Шенеунік еттің экспорттық және ішкі бағаларын салыстырды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бір фермердің сиыр етінің нақты бағасы 10-12 мың теңге болуы керек деген пікіріне қатысты түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден еттің нақты бағасы қанша болуы керек екенін сұрады.
«Фермерлер мал шаруашылығын жоғары қарқынмен дамыту үшін жоспар құрады. Сол себепті бұл жерде олар 10-12 мың теңге деп экспорттық бағаны айтып отыр. Бүгінде экспорттық баға еттің санатына қарай 4,5-6 мың теңге аралығында. Ал ішкі нарықта тірі салмақтағы бағасы 1,6-1,8 мың теңге аралығында. Бір жылдары тіпті екі мың теңгеге дейін жеткен. Орташа есеппен қазір 1,7 мың теңге. Мұны етке шаққанда 3-4 мың теңге болады», – деп жауап берді Сапаров.


