"Келешек мектептері" үшін директорлар арнайы даярланады

0
94

Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады.


ERNUR.KZ. Елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған "Білім берудегі 1000 көшбасшы" стратегиялық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады.
Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Бұл басқарушылық қабілеттерді жүйелі түрде дамытуға және сенімді шешім қабылдай алатын жетекшілерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"Бүгінгі таңда республикалық кадрлық резервке 583 педагог енгізіліп, олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резервист жаңа үлгідегі "Келешек мектептері" жобасы аясында салынған мектептердің директорлары болды", - деп жазылған хабарламада.
Қатысушыларды іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады:
тестілеу;
оқыту;
тағылымдама;
қорытынды бағалау;
сұхбат.

2024 жылы 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынды.