​Қазақстаннан ірі қара мал етін экспорттау уақытша шектеледі

0
118

Құжат биылғы жылдың 22 қазанына дейін көпшілік талқылауына шығарылған.


​Қазақстаннан ірі қара мал етін экспорттау уақытша шектеледі

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағынан ірі қара малдың (сиыр етінің) етін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады inform.kz.

— Қазақстан Республикасының аумағынан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 — ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 — ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген, — делінген бұйрық мәтінінде.

Құжат биылғы жылдың 22 қазанына дейін көпшілік талқылауына шығарылған.
Құжат 2025 жылғы 29 тамыздағы Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде әзірленген.