Қазақстанға Эквадордан жеткізілген раушан гүлдерінен зиянкес анықталды

0
82

Осыған байланысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.


Қазақстанға Эквадордан жеткізілген раушан гүлдерінен зиянкес анықталды

фото: arcusflor.ru

ERNUR.KZ. Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы "Сарыарқа" халықаралық әуежайындағы фитосанитариялық бақылау бекетінде тексеріс жүргізу барысында заң талаптарына қайшы жағдайды анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Бақылау кезінде Эквадордан жеткізілген раушан гүлдерінен сынамалар алынды. Олардың жалпы көлемі – 50 695 дана.

"Фитосанитария" РМК облыстық филиалының сараптамасы нәтижесінде гүлдердің бір бөлігінен карантиндік нысан – батыс гүл трипсі табылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға елге карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.