​Қазақстандықтарды TikTok арқылы Англиядағы жұмысқа орналастырамыз деп алдаған

0
77

Алаяқ қызығушылық танытқан азаматтарға кеңес беріп, сауалнама жолдап, құжат рәсімдеу үшін ақша аударуға көндірген.


​Қазақстандықтарды TikTok арқылы Англиядағы жұмысқа орналастырамыз деп алдаған

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны TikTok арқылы Англияда жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, жарнамалар жариялаған, деп жазады stan.kz.
Алаяқ қызығушылық танытқан азаматтарға кеңес беріп, сауалнама жолдап, құжат рәсімдеу үшін ақша аударуға көндірген. Алайда ақшаны алғаннан кейін уәде еткен қызметтерін орындамай, байланысқа шықпаған. Оның әрекетінен 10 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеден асқан.
Сот ер адамды алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ сотталған азаматқа пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға, ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды. Егер жұмыссыз болса, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады.

Бұған дейін банк шотын бөгде адамдарға берген астаналыққа 216 мың теңге айыппұл салынған еді. Жігіт интернеттен қосымша жұмыс іздеп жүріп, әлеуметтік желідегі "жеңіл табыс" туралы хабарландыруға жауап берген. Кейін мессенджер арқылы белгісіз адамдар оған ақшалай сыйақы үшін өз атына банк шотын ашып, оны криптовалюта операцияларына пайдаланамыз деген желеумен қолжетімділікті беруді ұсынған.