Қазақстандықтар көлікті қалағанынша қыздыра алады – Депутат

0
122

Жол қозғалысы ережелері көлікті қыздыру уақытын шектемейді.


Қазақстандықтар көлікті қалағанынша қыздыра алады – Депутат

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Марат Қожаев Қазақстандағы жол қозғалысы ережелері көлікті қыздыру уақытын шектемейтінін мәлімдеді. Яғни қазақстандықтар көлікті қалағанша жылыта алатынын айтты, деп жазады stan.kz.

Депутаттың сөзінше, көлікті қыздырған кезде бастысы өзгенің мазасын алмау керек.

"Басқаларға кедергі жасамай, аулада ыңғайсыздық тудырмасаңыз, шу шығармасаңыз, моторды айналдырмай, айналаны ластамасаңыз, көлікті қалағаныңызша қыздыруға болады. Бұл жерде әңгіме көлікті қыздыруда емес, көршілердің мазасын алмауда", – деді Қожаев.

Жол қозғалысы ережелерінде 5 немесе 10 минут деген шектеу көрсетілмеген.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дмитрий Колода терезелерде қатқан мұз апат қаупін тудыратынын мәлімдеген еді. Көліктерді қыздыру уақытына қойылған шектеулер халықтың наразылығын тудырды.

Еске салсақ, Қазақстандықтарға тұрғын үй аулаларында автокөліктің қозғалтқышын 5 минуттан артық жылытуға тыйым салынған. 2025 жылдың қаңтар айында бұл ережені бұзғандарға 5 АЕК (19,6 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39,3 мың теңге) болатыны айтылған еді.