Қазақстандықтар бір жылда жедел жәрдемге 7,4 миллион рет қоңырау шалған

0
127

Шақыртудың ең көбі тыныс алу ағзаларының ауруына байланысты болған


Қазақстандықтар бір жылда жедел жәрдемге 7,4 миллион рет қоңырау шалған

Фото: ДСМ

ERNUR.KZ. 2025 жылы қазақстандықтар жедел жәрдем қызметіне 7 467 926 рет қоңырау шалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ең көп шақыртулар Астана, Алматы қалалары мен Түркістан облысында тіркелген. Жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдардың ең көбі тыныс алу ағзаларының ауруларына байланысты көмекке мұқтаж болған. Яғни, бұл мәселе бойынша

1 778 189 рет қоңырау түскен. 1 434 483 қоңырау жүрек-қан тамырлары ауруларына, 1,2 млн шақырту басқа ауруларға, жарақат, улану және жазатайым оқиғалар байланысты 735 183 шақырту түскен.