Қазақстандағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз адамдар саны жарияланды

0
151

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.


Қазақстандағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз адамдар саны жарияланды

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 13 ақпанда өткен жылға арналған еңбек нарығы жағдайын жариялады, деп жазады zakon.kz.

2025 жылғы IV тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын таңдаулы зерттеу деректері бойынша республикада 9 278 900 адам әртүрлі салаларда жұмыс істеген, олардың ішінде:

  • 7 142,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77%) жалдамалы қызметкер
  • 2 136,8 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
  • 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,6% құрады.

2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 81,9 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен өскен.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.

IV тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.

Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,8% болса, 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.