Тоғыз ай ішінде 107 үшем дүниеге келген.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Осы жылдың тоғыз айы ішінде елімізде 280 мыңға жуық сәби дүние есігін ашқан. Жаңа туған нәрестелердің арасында егіздер мен үшемдер де бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Статистикаға сүйенсек, былтыр Қазақстанда 388 428 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 200 559 – ер бала (51,6%), 187 869 – қыз бала (48,4%).
Биыл да жаңа туған ұлдар саны қыздардан көп болатын сияқты.
«2024 жылғы 9 айдың ішінде 278 698 сәби өмірге келген. Олардың арасында 5756 егіз, 107 үшем бар. Дүние есігін ашқан нәрестелердің 144 015-сі – ұл, 134 683 – қыз бала», - дейді Ұлттық статистика бюросы.