Қазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды

0
88

Кеңес спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға атсалысады.


Қазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды

фото: Туризм және спорт министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды, деп жазады sputnik.kz.
Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді.
Тәжірибелі мамандар спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге көмектеседі.
"Спортшылар кеңесі" отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады", - делінген ресми хабарламада.
Кеңес спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға атсалысады.