Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында, Астана мен Алматыда (2 орталық) 6 жаңа заманауи сәулелік терапия орталығы ашылды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Мақсат – онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді барлық өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді ету және обырмен күрестің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында, Астана мен Алматыда (2 орталық) 6 жаңа заманауи сәулелік терапия орталығы ашылды.
Онкология орталықтарын жарақтандыруға 31 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, 39 млрд теңгеге инвестициялық келісім жасалды:
- Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында ПЭТ/КТ-орталықтарын орнату,
- ядролық физика институтында циклотрон кешенін құру.
Бұл обырды диагностикалауды жаңа деңгейге көтеруге және өңірлерді озық технологиялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірлік онкология орталықтарының базасында 17 сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды. Осының арқасында қатерлі ісіктерді ерте анықтау деңгейі 31,4%-ға дейін өсті (2023 жылы – 30%).
Кешенді жұмыс ерте диагностиканың үлесін арттыруға, өңірлерде жоғары технологиялық хирургиялық операциялар мен сәулелік терапияның қолжетімділігіне, онкологиялық қызмет кадрларын нығайтуға, халықтың қажеттіліктеріне қарай төсек қорын ұтымды бөлуге бағытталған.