​ Қазақстанда махаббат және есеппен үйленетіндердің саны белгілі болды

0
85

Жастар көбіне махаббатпен үйленеміз деген.


​  Қазақстанда махаббат және есеппен үйленетіндердің саны белгілі болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда жастардың көбіне қандай мотивте үйленетіні белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зерттеуге сүйенсек, қазақстандықтардың көбі махаббатты басшылыққа алып үйленеді. Дереккөз бойынша, 2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелкен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Ең көп неке Алматы қаласында қиылған — 13,7 мың. Одан кейін Түркістан облысы (12,1 мың) мен Астана қаласы (10,9 мың) тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында — былтыр бұл облыста бар болғаны 1,5 мың неке тіркелген.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының жүргізген әлеуметтік зерттеуі көрсеткендей, қазақстандықтар үшін отбасын құрудағы басты себеп – махаббат. Сауалнамаға қатысқандардың 59,9%-ы осы сезімді негізгі себеп деп атаған. Екінші орында – көзқарас пен қызығушылықтардың ұқсастығы (17%), ал үшінші орында – бала сүюге деген ұмтылыс (10,7%).

Қаржылық жағдайды жақсарту үшін үйленетіндердің үлесі небәрі 5%, ал 1,9% некені қиын жағдайдан шығудың жолы ретінде қарастырады. Жоспарсыз жүктілікті себеп еткендердің саны – 1,2% ғана.