Киіктер егістікті ғана емес, жайылым жерлерін таптап жатыр.
© Photo : официальный сайт Казахстанской ассоциации биоразнообразия Казахстана / Альберт Салемгереев
ERNUR.KZ. Қазақстанда киіктердің санын азайтуға қатысты шешім қабылданды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстанда фермермен өткізген кездесу кезінде мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде облыс шаруалары дабыл қағып отыр. Киіктер егістікті ғана емес, жайылым жерлерін таптап жатыр. Жекелеген аудандарда шығынның көлемі жүздеген миллион теңгеден асады.
"Біз әр маусымда егіннен айырылып, орасан зор шығынға ұшыраудамыз. Бұл жай ғана жануарлар мәселесі емес-бұл азық-түлік қауіпсіздігі, шағын фермерлердің өмір сүруі және тұрақтылық қаупі. Егер шаралар қабылданбаса, біз бүкіл шаруашылықты жоғалтамыз", - дейді "Жебе" шаруа қожалығының басшысы Қайрат Зулкашев.
Кездесу кезінде биология ғылымдарының докторы Әлжан Шәмшідін де өзінің ғылыми ұстанымын айтты.
"Мұндай тығыздықта жануарлар да, адамдар да зардап шегеді. Жабайы жануар санын реттеу-өркениетті елдерде қолданылатын ғылыми негізделген құрал. Бұл түрдің қысқаруы емес, оның тұрақтылығы үшін экожүйені басқару", - деп атап көрсетті ғалым.
2025 жылғы есепке сәйкес, Қазақстанда киік саны 3,9 млн басқа жетті. Бұл 1974 жылы тіркелген тарихи максимумнан үш есе көп. Ол кезде 1,2 миллион болған. Бүгінде тек Батыс Қазақстан облысындағы популяция 2,3 млн бастан асады.
Министр Ерлан Нысанбаев талқылау қорытындысы бойынша киік санын реттеуге шешім қабылдады.
"Ол ғылым және жоғары білім министрлігінің зоология институтының ғалымдары дайындаған бионегіздеме, сондай-ақ, Австралия, Финляндия, Канада, АҚШ, Оңтүстік Африка және тағы басқа елдердің жабайы жануарлар популяциясын тұрақты басқару саласындағы халықаралық тәжірибені талдаудан туындаған шешім. Ғылыми тұжырымдарға, фермерлердің ұсыныстарына және әлемде қолданылатын жекелеген түрлерді реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, киік санын реттеу туралы шешім қабылданды", – деді Нысанбаев.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Охотзоопром" ӨБ РМҚК күшімен және құралдарымен жануарларды іріктеп реттеуді жүргізеді.