Қазақстан теміржол желісі жаңғыртылып жатыр

0
95

Жөндеу жұмыстарына 230 бірлік техника мен 363 қызметкерді жұмылдырылды.


Қазақстан теміржол желісі жаңғыртылып жатыр

© Photo : ҚТЖ

ERNUR.KZ. Қазақстан теміржол желісінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру үшін:
Алтынкөл - Жетіген (293 км) учаскесін жаңғыртуға;
Қызылжар – Сексеуіл (712 км);
Қандыағаш - Тобыл (653 км);
Ақсу-1 - Жаңа-Семей (352 км) учаскелерінде автоматты бұғаттау жүйесі енгізілді.
Жобалар трансқазақстандық теміржол дәлізін жедел дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде іске асырылып жатыр.
Қысқа мерзімде 230 бірлік техника мен 363 қызметкерді жұмылдырылды. Пойыздар қозғалысын басқарудың заманауи жүйесін енгізумен қатар учаскелерде жаңа разъездер салу және қолданыстағы станцияларды дамыту жүргізіледі. Жаңа разъездер үшін 1 миллион текше метрден астам жер төсемі төгілді, бұл жалпы жұмыс көлемінің 30% құрайды.
Жұмыстар бір уақытта 15 құрылыста жүргізіледі, оның ішінде 3 құбыр дайын.