Алты ведомствоның басшылары үкіметтегі өз орындарын сақтап қалды.
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті алты министрліктің басшыларын қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Ерлан Ақкенженов нергетика министрі лауазымына;
Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына;
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына;
Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі лауазымына;
Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына;
Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін президент Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшыны тағайындады.


