Ресей бұл бағыттағы барлық міндеттемені адал, уақытылы және толық орындауға дайын
фото: МИД России
ERNUR.KZ. Ресей мен Қазақстан республикадағы атом электр станциясы құрылысының техникалық, қаржылық және құқықтық параметрлерін талқылап жатыр. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі уақытта тиісті ведомстволар техникалық және қаржылық параметрлерді, сондай-ақ заң аясындағы мәселелерді пысықтап жатыр", - деді Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен келіссөздердің қорытындысы бойынша.
Лавров Кошербаевқа Ресейдің осы бағыттағы барлық міндеттемені адал, уақтылы және толық орындауға дайын екенін растағанын жеткізді.
Сонымен қатар Лавров келіссөздер барысында әріптесін Украинадағы және оның айналасындағы соңғы оқиғалар туралы хабардар еткенін мәлімдеді.
"Біз достарымызды Украинадағы және оның айналасындағы соңғы оқиғалар туралы хабардар еттік. Қазақстандық достарымыздың біздің ұстанымымызды түсінгенін бағалаймыз. Әсіресе, Батыс елдері Ресейдің заңды қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіру үшін Украинаны пайдалану ниетімен көп жылдар бойы жасап келе жатқан осы қақтығыстың түпкі себептерін жоймайынша қақтығысты реттеу мүмкін емес екенін түсінетіндерін бағалаймыз", - деді Лавров.
Екі елдің сыртқы істер министрлері Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 33 жыл толуына орай кездесіп жатыр.