Іс-шарада Ауғанстан индустрия және сауда министрлігінің басшысы Нұруддин Азизи Ауғанстан мен Қазақстанның сауда саласында орасан зор экономикалық және бірін-бірі толықтыратын әлеуеті бар екенін мәлімдеді.
фото: Sputnik / В. Киселев
ERNUR.KZ. "Азық-түлік корпорациясының" өкілдері Ауғанстан мен Қазақстанның іскерлік кездесуі өткен Кабулға барды, деп жазады sputnik.kz.
"Келіссөздер нәтижесінде 133 миллион доллардан астам сауда келісіміне қол қойылды", - деп хабарлады Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шарада Ауғанстан индустрия және сауда министрлігінің басшысы Нұруддин Азизи Ауғанстан мен Қазақстанның сауда саласында орасан зор экономикалық және бірін-бірі толықтыратын әлеуеті бар екенін мәлімдеді.
"Ислам Әмірлігінің өнеркәсіп және сауда министрлігі екі ел арасындағы сауданы үш миллиард долларға дейін ұлғайту үшін қажетті жағдайлар жасауға ұмтылуда және бұл бағытта саудагерлер мен инвесторларға қосымша жеңілдіктер беріледі", - деді ол.
Атап айтқанда, Ауғанстан Қазақстаннан ұн, бидай және майлы дақылдар - рапс пен сояны қоса алғанда, 600 мың тоннаға жуық азық-түлік шикізатын сатып алуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қазақстан қазақстандық агроэкспорттың географиясын кеңейту үшін Пәкістанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Бұған дейін Қазақстан - Пәкістан ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырысында азық-түлік корпорациясы Пәкістанға азық-түлік бидайын, арпаны, майлы дақылдарды, жасымықты, сондай-ақ күнбағыс майын экспорттауға дайын екенін мәлімдеді.
"Компанияның қарамағында жыл сайын шамамен 2 млн тонна астық бар, бұл ұзақ мерзімді келісімшарттарды орындауға және жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біз шетелдік инвесторлардың қатысуымен форвардтық сатып алу тетіктерін енгізуге ашықпыз және агроөнімнің талап етілетін көлеміне, сапасына және уақтылы жеткізілуіне кепілдік беруге дайынбыз", – деп атап өтті компания басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.
Бірінші бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі мен Пәкістанның азық-түлік қауіпсіздігі министрлігі арасындағы өзара іс-қимыл туралы хаттамаға қол қойды. Келіссөздерде қазақстандық бидай, майлы дақылдар мен күнбағыс майын жеткізу туралы уағдаласты.