​Қазақстан көрші елдерден электр энергиясын импорттауды тоқтатады

0
148

Алдағы екі жылда Қазақстан өзін толықтай қамтамасыз ететін деңгейге жетеді.


​Қазақстан көрші елдерден электр энергиясын импорттауды тоқтатады

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов еліміздегі электр энергиясы бойынша тапшылық мәселесі 2 жылда толық шешілетінін айтты, деп жазады inform.kz.

— Былтыр 120 млрд кВтс тұтындық, ал сырттан сатып алғанымыз 2,2 млрд кВтс шамасында болды, яғни 2 пайыздан аз. Биыл импортталатын энергияны елеулі түрде азайтуға әрекет етіп жатырмыз. Осы жылы электр станцияларын жөндеуге екпін қойылған. Биыл жаңа энергия қуаттарын іске қосамыз, — деді С. Есімханов.

Оның айтуынша, алдағы екі жылда Қазақстан өзін толықтай қамтамасыз ететін деңгейге жетеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында Сенатта «Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы ҚР мен РФ-тің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.